• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №382

421 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев): 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсы мен мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А.Мамытбеков 2015 жылғы 22 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________Е.Досаев 2015 жылғы 8 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ______________Қ.Қасымов 2015 жылғы 28 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 382 бұйрығымен бекiтiлген Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-тармақшасына сәйкес әзірленді және Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорын (бұдан әрі – бірыңғай қор) қалыптастыру, жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай қордың жұмысын ұйымдастырып, үйлестіреді. 3. Бірыңғай қор мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады. 4. Бірыңғай қорды құрудың мақсаты пайдаланушыларды толық, анық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың нормативтік техникалық құжаттарын және стандарттау жөніндегі өзге құжаттарды жүйелеу болып табылады. 5. Бірыңғай қор техникалық реттеу саласында басқа қорлармен және шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. 6. Бірыңғай қор ұйымдардың стандарттары, үкіметтік емес стандарттар мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері және нормативтік техникалық құжаттар (бұдан әрі-нормативтік техникалық құжаттар) туралы ақпаратты қамтиды. 2. Бірыңғай қорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі 7. Бірыңғай қорды уәкілетті орган өз құзыреті шегінде қалыптастырады. 8. Бірыңғай қордың құрамына: 1) стандарттар (шетел мемлекеттерінің, Қазақстан Республикасының әскери стандарттарынан басқа ұлттық, өңірлік және халықаралық); 2) техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері (мемлекеттік, ұлттық, өңірлік және халықаралық); 3) нормативтік техникалық құжаттар: стандарттау бойынша қағидалар, нормалар және ұсынымдар (ұлттық, өңірлік және халықаралық); ресми ақпараттық басылымдар (көрсеткіштер, каталогтар); санитариялық қағидалар және гигиеналық нормативтер; өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидалары; әдістемелік нұсқаулар (қосымшалар), өлшемдерді орындау әдістемесі; техникалық, өнеркәсіптік, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен қағидалар; авиация қағидалары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер; қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар мен қағидалар; жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қағидалар; техникалық реттеу саласындағы басқа да құжаттар. 9. Құжатты қабылдаған адам бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру үшін әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуішін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын бірыңғай қорға жібереді. 10. Нормативтік техникалық құжаттарды алғаннан кейін немесе нормативтік техникалық құжаттарды бекіткеннен кейін уәкілетті орган 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерден басқа нормативтік техникалық құжаттар мәтінін бірыңғай қор немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. 11. Мемлекеттік органдар осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешік­тіріл­мейтін мерзімде осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес анықтаманы қоса беріп, бұрын бекітілген қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарды қағаз және/немесе электронды тасығыштарда уәкілетті органға жібереді. 12 Нормативтік техникалық құжатты бекітетін мемлекеттік орган, мұндай құжатта мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер болатын жағдайлардан басқа кезде нормативтік техникалық құжатты бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін бекітілген құжат мәтінімен бірге және осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес анықтаманы қоса отырып, тиісті құжаттар бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей құжатты бекіткен мемлекеттік органның мөрі қойылған түпнұсқалардың бір дана көшірмелері түрінде қағаз және/немесе электронды тасығыштарда береді. Құжаттар мен мәліметтерді берудің бұл тәртібі бұйрықпен нормативтік техникалық құжатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайларға да қолданылады. 13. Анықтама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс: 1) нормативтік техникалық құжатты қолданысқа енгізу күні; 2) әзірлеуші туралы мәлімет (атауы, мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны/факсы және өзге де мәліметтер). 14. Мемлекеттік орган уәкілетті органға нормативтік техникалық құжаттарды тапсырған кезде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі жасалады. 15. Егер нормативтік техникалық құжаттың атауын, белгіленуін дәл анықтау мүмкін болмаса, нормативтік техникалық құжат мәтінін оқу қиын болған кезде, сондай-ақ егер онда берілген суреттер мен кестелер анық көрсетілмесе, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік органнан техникалық құжатты сұрата алады. 16. Бірыңғай қорды жүргізу дегеніміз бірыңғай қорды ақпараттық жалпы пайдалану жүйесін мына жолдармен жаңартылған күйде ұстау процесін білдіреді: 1) нормативтік техникалық құжаттардың қағаз нұсқаларын цифрлау; 2) бірыңғай қордың жойылған, ауыстырылған және күшін жойған нормативтік техникалық құжаттарын бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасынан шығарып тастау; 3) бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жаңа құжаттармен толықтыру. 17. Мемлекеттік орган құжатты қағаз нұсқада берген жағдайда нормативтік техникалық құжатты цифрлауды уәкілетті орган жүргізеді. 18. Уәкілетті орган келіп түсетін нормативтік техникалық құжаттар деректері негізінде бірыңғай қордың анықтамалық-библиографиялық деректер базасын жүргізеді. Анықтамалық-библиографиялық деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) жүргізу: 1) деректер базасына нормативтік техникалық құжаттарды және олар туралы мәліметтерді (белгіленуі, атауы және өзге де мәліметтер); 2) деректер базасына әзірлеуші туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды. 19. Деректер базасын толтыру бірыңғай қордың жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 20. Деректер базасына енгізілген нормативтік техникалық құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда мемлекеттік орган құжат қолданылуының жаңа мерзімдерін көрсете отырып, жаңартылған құжатты немесе егер құжат күшін жойған деп танылса, құжатты жоюға қою туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді. 21. Нормативтік техникалық құжаттың әрбір өзгерісі, қолданылу мерзімінің ұзартылуы, қолданылу мерзіміне шектеудің алынуы, нормативтік техникалық құжат қолданысының тоқтатылуы бойынша нормативтік техникалық құжатты жаңартуды мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 22. Мемлекеттік органдар өзара іс-қимыл жасау мақсатында осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бірыңғай мемлекеттік қормен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қорлар туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді. 23. Мемлекеттік органдардың бірыңғай қорды пайдалануы тегін негізде жүзеге асырылады. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша нысан Қабылдау-тапсыру актісі Мемлекеттік органның атынан __________ және уәкілетті органның атынан ____________ мына нормативтік техникалық құжаттарды қабылдау-тапсыруды жүзеге асырды. р/с № Атауы Ескертпе (электронды/қағаз нұсқасы) саны Тапсырды ________________________ (мемлекеттік орган өкілі) Мөр орны (болған жағдайда) Қабылдады _______________________ (уәкілетті орган өкілі) Мөр орны (болған жағдайда) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша нысан Бірыңғай мемлекеттік қормен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қорлар туралы мәліметтер Мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы Толық Қысқаша Мамандандырылған қордың немесе қордың атауы Пошталық мекенжайы Электрондық поштасы Телефон/факс Өзара іс-қимылды жүзеге асыратын байланыс тұлғасы Тегі Аты Әкесінің аты Деректемелері Телефоны Қызмет саласы Ақпараттың дұрыстығына мына тұлға жауапты болады Тегі Аты Әкесінің аты Күні Басшы ___________ Мөр орны (болған жағдайда) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 18 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11388 болып енгізілді.